«Өзекті өртер шындық»

31.05.2023

Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасы  31мамыр саяси  қуғын -  сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Мәдениет үйінде «Өзекті өртер шындық» атты тарихи еске алу сағаты ұйымдастырды. Шарамызды бастамас бұрын 31 мамыр саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу  мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды. Шара барысында көрме ұсынылып, көрмеге Ботбаева Айгүл библиографиялық шолу жасады. Қонақтар Қазақстандағы саяси қуғын – сүргін зардаптары жайлы, «Алаш партиясының қоғам қайраткерлері туралы мағлұматтарымен бөлісті».  Зобалаң жылдарға байланысты ұсынылған көрмеге дереккөздер, фотолар, кітаптар қойылды. Мәдениет үйі меңгерушісі Қолобаева Айгүл қаралы жылдарды еске алып, ұлт тағдыры үшін күрескен зиялылар туралы дайындаған слайдын ұсынды. Іс – шара барысында Әкімшіліктің жетекші маманы Сағымбеков Асқат елі үшін жанын берген тұлғалар туралы ойымен бөлісті.