«Тәкен - тері тамған шығармалар»

19.09.2025
19 қыркүйек күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Т. Әлімқұловтың «Тәкен - тері тамған шығармалар» атты кітап көрмесі мен әңгіме-шолу өткізілді. Тәкен Әлімқұловтың шығармалары ел психологиясының тереңдігін, дәстүрлі мәдениеттің эпикалық кеңдігін, қоғамның дамуы үшін маңызды тарихи оқиғаларды бейнелейді. Ол қазақ әдебиетіндегі әдеби сын еңбектердің авторы ретінде де, көркем аударма саласында да жемісті еңбек етті. Шараға 7- сынып оқушылары қатысып, жазушының шығармашылығымен кеңінен танысты. Мақсаты: Ж.Нәжімеденовтің поэзиясы мен Т.Әлімқұловтың прозасын насихаттау. Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармалашылығы туралы мәлімет беру, мемлекеттік тілде оқырмандардың сөйлеу аясын кеңейту және жастардың білімдерін толықтыру.