«Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз»

05.09.2023

5 қыркүйек күні М.Жұмажанов ауылдық  мәдениет үйі мен кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тілдер мерекесіне орай «Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. «Тіл ұлттық қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Іс-шараға кітапхана оқырмандар қатысты. Мақсаты:Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу шешендік өнерді оқырман бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.