«Ұлттық археологияның сардары Әлкей Марғұлан»

10.05.2024

10 мамыр күні Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында академик  Әлкей Марғұлан Хаканұлының туғанына 120 жыл толуына орай, «Ұлттық археологияның сардары Әлкей Марғұлан» атты салтанатты жиын өтті. Іс-шараға С Сейфуллин кітапханасының Ақпараттық - библиография бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Жұмабайқызы, библиограф Салтанат Ерғалиқызы, кітапханашы Арайлым Жанатқызы  және О.Әлібаев мектебінің ұстаздары ағылшын пәнінің мұғалімі Нуркеева Толқын мен музыка пәнінің мұғалімі Азбаева Ғанижамал, 6-8 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.

Шарада халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін, жалықпай зерттеп, артына қаншама құнды кітаптар қалдырған кемеңгер Әлкей Марғұлан жайлы сыр шертілді. Оқырмандарға Әлкей Марғұланның өміржолы мен еңбектері, бірге жүрген ортасы, жасаған қызметтері және әріптес достарының өзі  жайлы айтқан ой-пікірлері айтылды.

Іс-шараны кітапханашылар Жокенова Арайлы мен Әзбаева Сандуғаш сценарий бойынша жүргізіп, Кульмагамбетова Асыл «Қазақ архелогиясының атасы» атты баяндама оқып, презентация жасады. Сонымен қатар кітапханашы Жокенова Арайлы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Оқырмандарға сұрақ қойылып, жауаптары тыңдалды. 8 сынып оқушылары Сүлейменова Айсамал мен Тоғаев Тәттімбет  ақындардың Ә. Марғұланға арнап шығарған өлең жолдарын оқыды. Шара соңында ақпараттық – библиография бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Жұмабайқызы сөз сөйлеп, өз бағасын берді. Оқырмандарға Ә.Марғұлан жайлы буклет таратылып, «Әлкей Марғұлан» маршы хормен айтылып, аяқталды.