«Жаңаарқадан түлеп ұшқан қарлығаш»

19.06.2024

 19 маусым күні Жаңаарқа аудан әкімдігінің, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және де «С.Сейфуллин атындағы ОКЖ» КММ-нің бірлесе ұйымдастыруымен «Жаңаарқа ауданының 95 жылдығы» және «Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы» мерейтойлары аясында спорттағы ерекше жетістігімен таңдай қақтырған Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында туып-өскен,  жеңіл атлетика спортының жүгіру түрінен аудандық, облыстық, республикалық жарыстардың чемпионы, ҚазССР құрама командасының мүшесі, ұлағатты ұстаз,  Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, Созақ ауданының «Құрметті азаматы», Түркістан облысы, Созақ аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, аудандық «Әжелер алқасының төрайымы» Қайыржанова Мәруа Қайыржанқызымен «Жаңаарқадан түлеп ұшқан қарлығаш» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

          Кездесу кешінің құттықтау сөзі Жаңаарқа ауданы әкімі Қ.Қ.Шубайұлына беріліп, Жаңаарқа ауданы атынан Мәруа Қайыржанқызына «Құрмет грамотасы» мен Созақ ауданының әкімдігіне арнайы  сыйлық  табысталды. Сондай-ақ шара барысында кездесу кешіне шақырылған Жаңаарқа аудандық маслихат төрағасы Беккожин Юржан Асанұлы, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Аманжолов Әсет Жұмажанұлы, «AMANAT» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалының атқарушы хатшысы Түсіпов Амангелді Бақышұлы, аудан ардагерлері, мекеме басшылары, жастар орталығы мен аудан жастары қатысты. Кездесу кешін облыстық ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары Аллаберген Қарабайұлы жүргізді.

         «AMANAT» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалының атқарушы хатшысы Түсіпов Амангелді Бақышұлы кездесу кешіне ұйымдастыруына ат салысқан Дәріжан Өксікбайқызына «Алғыс хат» табыстады.

         Шарада Мәруа Қайыржанқызының өмірі мен шығармашылығына арналған «Жаңаарқадан түлеп ұшқан қарлығаш» атты бейнебаян және фото көрме көрсетілді.

         «Сәкен Сейфуллин атындағы ОКЖ» КММ-нің директорының м.а. Жақыпова Гүлмайра Ағлақызы кітапхана ұжымы атынан Мәруа апайымызға ізгі тілекпен гүл шоқтары мен өлке тарихы жөніндегі кітаптарды табыстады. 

         Кеште арнайы қоғам, алаш қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллиннің «Сұлу терек» өлеңін Сәтбаева Ботагөз Тауханқызы оқып, дәстүрлі әнші Қызыров Балтабай мен жары Жакишова Әсем Уахитқызы «Жақсы адамдар азаймасын» әнін шырқады.  

         Мәруа Қайыржанқызын арнайы қолдап келген Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,Түлкібас ауданының Құрметті азаматы Тәжібаева Балзия Тыныштықбайқызы өз ілтипатын білдіріп, Дәріжан Өксікбайқызына төсбелгі мен сертификат табыстады.

         Шара соңында Созақ ауданының әкімінің, ардагерлер кеңесі төрағасының, мекеме басшыларының арнайы жолданған құттықтау бейнебаяндары көрсетілді, ақын Жұмасейтов Жұмабай Мәруа Қайыржанқызына арнау өлеңі оқырман назарына ұсынылды.