"Жұлдызды қала-Астана"

05.07.2024

5   маусым   күні  Сәкен Сейфуллин  атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің  ұйымдастыруымен 6 шілде Астана күні «Жұлдызды қала-Астана“ атты  сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

–   Сурет өнеріндегі талантты балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту;

–   Балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру;

–   Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

–   Өз елі мен жерін сүюге, Отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу. Байқауға Амалбеков атындағы тірек мектебінің «Жұлдызай» жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары мен желі оқырмандары қатысты.

  Байқау қорытындысы бойынша   қатысушы  жас оқырмандарға арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.Іс шара соңында «Астана-бас қала» атты кітап көрмесі таныстырылды.