Әбубәкір Қайран.

Өскелең. Өлеңдер жинағы. Алматы: «Runa баспасы» ЖШС, 2022. – 176 б.
Автор бұл жинақты жазу үстінде балалар әдебиетіне тән барлық шарттылықтарды ұстанған. Өзі де жас кезінде «Балдырған» журналының поэзия бөлімін басқарып, одан кейін «Жалын» баспасының балалар әдебиеті редакциясының редакторы болғандықтан, балаларға арналған өлеңдердің қалай жазылу керек екендігін жақсы біледі. Жинақ, негізінен, өскелең ұрпақтың ұлттық танымын кеңейтуге, жақсы азамат болып өсуіне бағытттауға арналған.