Алтай ертегілері: Алтын тостақ

Алтай ертегілері . Орыс тілінен аударған  - Сүйіндік Жанысбай. Алматы , «Асыл кітап», 2025. – 175 бет.

Түркі халықтарының бірі алтайлықтар – қазақ халқымен ғасырлар бойы ауылы аралас, қойы қоралас жатқан жұрт. Бұл кітапқа сол алтай халық ертегілерінің ең таңдаулылары – жан-жануарлар туралы, тұрмыс-салт және қиял-ғажайып ертегілері еніп отыр. Аударма орыс тілінен жасалса да, түпнұсқадан ауытқымаған, ертегілердің тілі жатық және өте қызықты оқылады. «Алтын тостақ» бастауыш мектеп оқушыларына арналғанмен, ересек оқырмандарды да бейжай қалдырмайды.