Жайлыбай Ғалым.

Жаратқанның жазуы. Алматы: «Алматы-Болашақ» 2022.-344 б.

Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбайдың «Жаратқанның жазуы» атты жаңа жыр жинағында кейінгі жылдары жазылған өлеңдері топтастырылған. Қашанда образды ойлау, көркем тілімен ерекшеленетін қаламгер туындылары өз оқырманын бейжай қалдырмайтыны сөзсіз. Жинақта бүгінгі заман кейіпкерлерінің жүрек дүрсілі, сезім дірілі бар.