Пилки Д.:

 Итбас. Екі мышықтың жыры

Алматы, Steeppe&World, 2023. – 2240 бет.

Әлемге әйгілі бестселлер авторы Дейв Пилки салған Итбастың үшінші кітабында сүп-сүйкімді марғау Питидің жоспарын тас-талқан қылмақ! Иттің асылы да… оңбағаны да өзі еді. Жынды-жынды жаңалық дәуірі де… тосынсыйға толы маусым да осы болатын. Мұңға батқан кез де… үміт оты тұтанған сәт те көп болды. Итбас сақшы болғанымен, көп шатақ тудыра беретін. Қылмыскерді ауыздықтаймын деп, сілекейін тамызып, із қалдырып кете беретін! Тек бұл жолы шатақ тудырған Пити болды… Өз сыңарын жасап алыпты. «Жаһандағы үздік ит» атағына сай болуы үшін Итбас бұрынғыдан екі есе көп тырысып, екі жүнбасты қолға түсіріп алуы керек.