1 маусым – Балаларды қорғау күні

26.05.2025

26 мамыр күні Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай сурет салудан жарыс ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндер өз қиялдарындағы суреттерді салып, мәз-мейрам болып, ойын ойнап, би биледі. Балалар жарыста өнерлерін көрсетті және марапатталды. Іс-шара соңында қатысушыларға тәтті балмұздақтар берілді. Мақсаты: 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай әр баланың отбасымен, Отанымен бақытты екенін түсіндіру, мерекелік көңіл-күй сыйлау.