«14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні»

10.02.2025
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 10 ақпан күні «14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні» аясында кітап сыйлау акциясы өткізілді. Іс-шара барысында кітапхана қорына Сәкен Бергенұлы «Хасеннің Бергені» атты кітабын сыйға тартты. Бұл кітапта Ысқақ Қажы (Әжіата) бабамызға қатысты зерттеулер мен аңыз-әңгімелер жинақталған. Сондай-ақ, Ысқақ қажы бабамыздың ұрпағы Берген Хасеновтың тағылымға толы өмір жолы мен өмірден түйген ойлары баяндалады. Мақсаты: Кітапхана қорын толықтыру, жастарды патриотизмге, еңбексүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу және кітап оқуға ынталандыру.