«Абай –дара, Абай – дана қазақта»

10.08.2021
Түгіскен ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасы 10 тамыз «Абай күні» ретінде белгіленгендіктен «Абай –дара, Абай – дана қазақта» атты әдеби сағатын 10 тамыз күні өткізді. Мақсаты: 10 тамыз Қазақстан Республикасы бойынша «Абай» күні деп бекітілгендіктен, ақынның өнегелі өмірін кеңінен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, білім-ғылымға ынталарын арттыру. Абай өлеңдерін, қара сөздерін оқу арқылы оқырманның кітап оқуға деген құлшынысын арттыру. «Сөз патшасы» әдеби-поэзиялық қызығушылық клубының мүшелері Абай Құнанбайұлына арнау өлеңдерін арнады. Кітапханашы Назгүл Советқызы арнайы дайындалған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.