«Парасат жолы» орталығы ашылды

03.03.2021

3 наурыз күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы салтанатты түрде ашылды. Бұл орталық адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған тың жобаның бірі. Шараға арнайы шақырылған қонақтар, ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Махмұтұлы, жазушылар Одағының мүшесі, ардагер Амантай Нығатайұлы мен  Ғ.Тілеухан атындағы аудандық мешіттің наиб имамы Серік Төлеуханов «Парасат жолы» орталығының лентасын қиды. Сонымен қатар іс шараға қатысқан «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» басшысы  Мұқажанов Медет Файзрахманұлы, аудандық  «Жаңаарқа» газетінің бас редакторы Ералина Салтанат Аманқызы, Сәкен Сейфуллин атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайының  директоры  Шубаев Ерболат Берікұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Әбілжанова Перизат орталық туралы өз ойларын білдірді. Орталық отырысында «Парасат жол» орталығының алда атқарылатын жұмыстар талқыланып, орталық мүшелері тағайындалды. Жоба жетекшісі Айгерім Асылхан тұрақты тақырыптық көрмеге шолу жасады. ОКЖ директоры Ускенбаева Шынар Түлкібайқызы келген қонақтарға алғысын айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаруға щақырды.