«Адалдықты ту еткен қаламгер»

20.05.2025

20 мамыр күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында жазушы, қаламгер Өмір Кәріпұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Адалдықты ту еткен қаламгер» атты портрет кеші ұйымдастырылды. Шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу ұсынылды. Көрмеде жазушының фото суреті, кітапхананың қорындағы шығармалары және ол туралы жарияланған мақалалар көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шараға 7-сынып оқушылары қатысып, жазушының өнегелі өмір жолымен және әдеби мұрасымен танысты. Кеш барысында оқушылар жазушы шығармаларынан үзінділер оқып, оның шығармаларындағы адалдық, адамгершілік, отансүйгіштік тақырыптарына пікір білдірді. Мақсаты: Жазушының өмір жолы мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыру, жас буынның әдебиетке қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру болды.