«Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері»

06.05.2022
Түгіскен ауылдық кітапханасы 6 мамыр күні «Бір ел-бір кітап» жалпы ұлттық кітап оқу акциясы аясында «Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері» дауыстап оқу іс-шарасын өткізді. Мақсаты: Ұлы тұлға, лингвист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздерін, нақыл сөздерін оқырман қауымға таныстыру. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Іс-шара барысында бала тәрбиесі, оқу-ағарту, тіл туралы, мәдениетті ілгерілету жайлы нақыл сөздер оқылды.