«Ақ боз үй»

24.02.2022

       С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 24 ақпан күні жазушы, кинодраматург С.Елубайдың туғанына 75 жыл толуына орай «Ақ боз үй» атты трилогиясымен таныстыру өтті.  Кітапханашы Г.Акатова «Ақ боз үй» атты кітабының қысқаша мазмұнымен таныстырып кетті. Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» шығармасы – ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін кезеңінде ашаршылыққа ұшыраған халықтың халін, «асыра сілтеудің» елге тигізген зардабын шебер суреттейтін көркем туындылардың бірі. Мақсаты: жазушының ашаршылық тақырыбында жазылған шығармаларын жас ұрпаққа таныстыру. Жазушының өмірі мен шығармаларымен таныстырып, насихаттау.