Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлымен Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жастарымен кездесу өтті

03.12.2022

3 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы аудандық үлгілі кітапханасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлымен Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жастарымен кездесу өтті. Дархан Қуандықұлына кітапханадағы коворкинг орталығы таныстырылып, өлкеміздің біртуар азаматтары, қоғам қайраткерлері С.Сейфуллин мен А.Сейдімбекке арнайы құрылған тұрақты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Сондай-ақ Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына арнайы шығарылған энциклопедияға Дархан Қуандықұлы өзінің ізгі тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды. Кездесу барысында министр Қазақстанның дамуына жастардың алатын орны ерекше екендігін, белсенді жастарды қолдауда түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқандығын тілге тиек етті. Жаңаарқаның жалынды жастары өздерінің жобаларымен таныстырып, сұрақтарын қойды. Кездесу жоғары деңгейде өтіп, көкейкесті мәселелер шешілді.