«Ақселеу алашқа ортақ тұлға»

24.11.2022
24 қараша М.Жұмажанов ауылдық кітапханасында Ақселеу Сейдімбековтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ақселеу алашқа ортақ тұлға» атты кітап көрмесі мен әдеби сағат ұйымдастырылды. Іс – шараға кітапхана оқырмандары қатысып, Ақселеу Сейдімбековтың шығармаларымен танысты. Мақсаты: Жерлес, қаламгер Ақселеу Сейдімбековтың өмірі мен шығармашылығын, жан-жақты тану, әдебиетке қызығушылығын арттыру.