«Алақай, кітап оқимыз»
11.05.2022
Түгіскен ауылдық кітапханасы 11 мамыр күні «Алақай, кітап оқимыз» тақырыбында Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылының «Еркетай» КММ бөбекжайымен бірлесе отырып кітап жарнамасын өткізді. Мақсаты: Жас оқырмандар бүлдіршіндерге арналған дамытушылық бағыттағы кітаптарды насихаттау, оқуға, сабақ барысында пайдалануға шақыру. Бөбекжай тәрбиешілері мен жас балаларға қол моторикасын ұштайтын, ақыл-ойын, зейінін дамытушылық кітаптар мен көрнекі құралдары бар журнал кітапшалар таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды. Үлкен топ тәрбиешілері бірнеше кітаптарды сабақтарына пайдалануға алып қалды.