«Алаш рухының алдаспаны»

07.02.2025
7 ақпан күні Қызылжар кентінің үлгілі кітапханасында қазақтың аса көрнекті жазушысы Мұхтар Мағауин Мұқанұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Алаш рухының алдаспаны» атты портрет кеші өтті. Іс-шара барысында оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, оның әдеби мұрасы кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: Оқырмандарға Мұхтар Мағауиннің өмірі мен шығармаларын таныстыру, ұлттық әдебиетке қосқан үлесін насихаттау.