«Алаш зиялылары»

29.05.2025

29 мамыр күні Мәдениет үйі мен Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық үлгілі кітапхана кітапханашылары бірлесіп «Алаш зиялылары» атты еске алу кешін өткізді. Іс-шара ауылымыздағы Сәкен Сейфуллин ескерткішінің алдында ұйымдастырылды. Онда Алаш партиясының тарихы мен ұлт болашағы үшін аянбай еңбек еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы оқырмандарға кең көлемде мағлұмат беріліп, ұлт зиялылары еске алынды. Шара барысында 5-сынып оқушысы Б. Сартбай Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын жатқа айтып берді. Мақсаты: Саяси қуғын - сүргін оқиғалары туралы терең түсінік беру, жастардың саяси санасын ояту және патриоттық сезімдерін қалыптастыру.