«Алаштың алдаспан қаламгері»
04.02.2025
С.Сейфуллин атындағы ауылдық үлгілі кітапханада 4 ақпан күні тарихшы, жазушы, қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай «Алаштың алдаспан қаламгері» атты ауызша журнал ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы М. Искакова ауызша журналдың мазмұны туралы қысқаша мәлімет беріп, оның бөлімдерімен таныстырып, сондай-ақ кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
