«Алғыс – адамның ең басты құндылығы»

01.03.2025
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс – адамның ең басты құндылығы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мұғалім – шәкіртке өмірлік жол сілтейтін рухани жетекші. Өнегелі ұстаздан тәлім алып, білім нәрімен сусындаған әрбір оқушы өз ұстазын мақтан тұтады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны» – бұл құрметті атақтар мектеп мұғалімдеріне арналған. Осыған орай, іс-шарамызды Талдыбұлақ ЖББ мектебінің 5-сынып жетекшісі Мукаева Сая және оқушылармен бірлесе ұйымдастырдық. Шара барысында оқушылар туған елінен бастап, барлық маман иелеріне шынайы ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнады. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.