«Алғыс айту-асыл қасиет»
01.03.2022
Түгіскен ауылдық кітапханасы 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай кітапхананың жас оқырмандыры арасында «Алғыс айту-асыл қасиет» тақырыбында топтық сайыс өткізді. Мақсаты: Достыққа, шапшаңдыққа, ибалылық пен адалдыққа шақыру. Сайыс 2 кезеңнен тұрды: 1- кезеңде бір – біріне «Рақмет» сөзіне сөзжұмбақ жасырып шешсе, 2- кезеңде топ басшылары «Рақмет» сөзі арқылы өз алғыстарын, тілек ретінде жақындарына жолдады. «Қайырымдылық» және «Достық» топтарының мүшелері Қойшыбай Әсет пен Бижан Мархаббат белсене қатысқаны үшін кітапхана атынан «Алғыс хатпен» мараптталды. Сайыс соңында оқырмандарға «Алғыс» тәттілері үлестіріліп, кітапханашы Назгүл Советқызы жас оқырмандарға өз алғысын білдірді.