«Алғыс айту – асыл қасиет»

28.02.2025
28 ақпан күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 1 наурыз – көктемнің алғашқы күні, Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – асыл қасиет» атты тренинг ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашылар оқырмандарды мерекемен құттықтап, өз алғыстарын білдірді. Оқушылар мерекеге сай ойындар ойнап, сұрақтарға жауап беріп, шынайы ризашылықтарын жеткізді. Мақсаты: Оқырмандарға «сыйластық» құндылығы туралы түсінік беру, сондай-ақ кітапханаға келіп, кітап оқуға қызығушылық танытқан оқырмандарға алғыс айту.