«Алғыс айту – парызым»

28.02.2025
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 28 ақпан күні 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар әуелі Аллаға, әкеге, атаға, анаға, әжеге және барлық тіршілік иелеріне алғыстарын білдірді. Алғыс айту күні – ең алдымен еліміздегі тыныштық пен үндестіктің, өзара сенімділік пен қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметінің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек еткен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін мерекесі. Шара барысында оқырмандар ән шырқап, би билеп, бір-біріне деген ыстық лебіздерін жеткізді. Мақсаты: Мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпақты достыққа, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы этникааралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.