«Алғыспен ел көгерер»

28.02.2025

Түгіскен ауылдық кітапханасында 28 ақпан күні 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыспен ел көгерер» тақырыбында библио-шара өткізілді. Іс-шараға Жанайдар Сәдуақасов атындағы ЖББ мектебінің ұстаздары қатысты. Мұғалімдер мен оқырмандар алдымен Отанға, ата-аналарына, шәкірттеріне деген шынайы алғыстарын білдіріп, ашық хат жазды. Кітапханашылар арнайы безендірілген кітап көрмесіне шолу жасап, ондағы қанатты сөздермен таныстырды. Шара соңында оқырмандар түрлі-түсті шарларды жарып, ішіндегі сөздерден өздерінің жүрекжарды лебіздері мен ізгі тілектерін құрастырды. Мақсаты: Оқырмандарды мейірімділікке, ізгілікке шақыру, айналасына жылулық сыйлай отырып, жақсы сөздер мен ізгі тілектер айтуға баулу.