«Алғысым шексіз»
01.03.2023
С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 1 наурыз «Алғыс күніне» орай «Алғысым шексіз» атты библиогид өткізілді. Шарада Алғыс айту күніне арнайы жасалған қызыл жүрекшелерге балалар өздерінің ата – аналарына, туған – туыстарына, достарына, бауырларына деген шексіз алғыстарын жазып, «Әжелер» тобы ән шырқап, бишілер мың бұрала би биледі. Кітапханашы М.Искакова «Алғыс айту парызым» атты слайд көрсетті. Мақсаты: ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу