«Алғысым шексіз»
02.03.2023
Түгіскен ауылдық кітапханасы 2 наурыз күні «Алғыс айту» күніне орай кітапхананың жас оқырмандары арасында «Алғысым шексіз» тақырыбында библиогид өткізілді. Библиогид 2 кезеңнен тұрды: 1- кезеңде оқырмандар анаға, ұстазға, Отанға деген алғыстарын өлеңдермен білдірді. 2- кезеңде оқырмандар «Рақмет» сөзі арқылы өз алғыстарын, тілек ретінде жақындарына жолдады. Сайыс соңында кітапханашы Алтынай Смағұлова жас оқырмандарға өз алғысын білдірді. Мақсаты: Балаларға сыйластық құндылығын кеңінен түсіндіру, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту.