«Алты абызды қалмагер»
 
            
            15.10.2025
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 15 қазан күні жазушы, ақын Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Алты абызды қалмагер» атты библиографиялық шолу өткізілді. Шара барысында оқырмандар қазақтың көрнекті ақыны Әбу Сәрсенбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырылды. Әбу Сәрсенбаев - ақын және жазушы ғана емес, Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол жастайынан әдебиетке құмар болған. Кітапханашы ақынның шығармашылығынан үзінді оқыса, оқушылар алған әсерлерімен бөлісті. Мақсаты: Жастарды әдеби мұрамен сусындатып, ел руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі ету.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                