«Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға!»
05.03.2022
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 5 наурыз күні «Өмір сыйлаған – Ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға кітапханашы Г.Ахметбекова таныстырып, шолу жасады. Сонымен қатар «Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға!» атты дивертисмент кеші өткізілді. Кешті кітапханашы Г.Ахметбекова мен мұғалім Ж.Нұржанбаев жүргізді. Кеш оқушылардың әдемі вальсімен басталды. Кеште аналарымыз бен қыздарымызды мерекелерімен ауыл әкімі Ж.Көпбосынов пен ауыл ақсақалдары алқасының төрағасы М.Әзбаев мырза құттықтады. Ауыл өнерпаздары ән шырқап, «Еркем-ай» би тобының қыздарынан би билеп, кештің сәнін келтірді.