«Ана өмір шуағы»

08.03.2023

Ш.Ералиев ауылдық кітапхансында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Өмір сыйлаған - Ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы А.Жокенова библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар «Ана өмір шуағы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға келген қонақтарымыз жүрекжарды тілектерін білдірді. Ауыл өнерпаздары мен кітапханамыздың тұрақты оқырмандары ән мен биден өнер көрсетті. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқырмандарды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру.