«Ана тілім – ғажап тілім»

05.09.2025
Түгіскен ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек - Қазақстан Республикасының тілдер күніне орай оқу залында «Ана тілім – ғажап тілім» тақырыбында поэзиялық сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақ тілінің өміршеңдігін, мән – маңызын түсіндіру. Қазақ ақын – жазушыларының ана тіліміз жайлы шығармаларын насихаттау. Іс – шара барысында оқырман балалар қазақ тілі жайлы өлеңдерді мәнерлеп оқып, кітапханашы «Ұлылар тіл туралы» атты дайындалған буклетке шолу жасады.