«Ана – тіршілік тірегі»

07.03.2024
7 наурыз С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – тіршілік тірегі» атты поэтикалық марафон өткізілді. Шара барысында оқушылар өздерінің аналарына, әжелеріне арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Мақсаты: ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер ұстаз – аналар мен аруларды мерекемен құттықтап, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.