«Ана – тіршіліктің тірегі»

07.03.2023
7 наурыз күні 8 наурыз – «Халықаралық әйелдер» күніне орай Мәдениет үйінде С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасының кітапханашылар мен бірге «Ана – тіршіліктің тірегі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Ауыл әкімі Н.Абдиков барша аналарымызды, қыз–келіншектерді келіп жеткен көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, жылы лебізін арнап, сыйлықтар табыстады. Кітапханашылар «Ана – тіршілік тірегі» атты кітап көрмесін ұйымдастырылып шолу жасалды.Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.