«Аналар асыл жандар»

04.03.2022

       4 наурыз күні Түгіскен ауылдық кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Аналар асыл жандар» тақырыбында библио- кофе өткізілді. Мақсаты: Әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы рөлін айқындау, аналарды құрметтеуге шақыру. Библио-кофе барысында Түгіскен ауылының қызметкері, іскер аналары мен қыз-келіншектері «ана» тақырыбында келелі кеңес құрып, кітапханашылар дайындаған «Қазақстанның аналары» атты викториналық сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар мазмұны биылғы жылы туғандарына 100 жыл толып отырған Халық әртісі Роза Бағланова, ҰОС қатысушысы, пулеметші КСРО батыры Мәншүк Мәметова және тарихи тұлғалар Айша бибі, Домалақ ана, дәулескер күйші Дина Нұрпейісова, қазақтың тұңғыш биші қызы Шара Жиенқұлова туралы болды. Кітап көрмесі даярланып библиографиялық шолу жүргізілді. «8-наурыз» атты Фото бұрышы қойылып іс-шара соңында әдемі бірдей түсте киініп келген аналар естелікке суретке түсті.