«Аналар – асыл жандар»

08.03.2023

Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасы мен  мәдениет үйімен бірлесе отырып 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне орай  «Аналар – асыл жандар» атты мерекелік іс- шара өткізді. Мерекелік шараның шымылдығын ауыл әкімі Қалжанов Бауыржан құттықтау сөзімен ашып, аяулы аналарға шағын сыйлықтармен гүл шоқтарын ұсынды. Сонымен қатар жерлесіміз, Қазақстанның еңбек сіңірген  әртісі Серік Оспанов ағамыз жолдаған бейнеқұттықтауы көрермендерге ұсынылды.Сахна төрінде әсем ән мен тәтті күй шырқалып, бишілердің билері тамашаланды. Кітапхана ұжымының қызметкерлері мен Мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашып көпшілікке көңіл – күй сыйлады. Кітапханамызда «Аналар – асыл жандар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Аналарымыз алғыстарын білдіріп жақсы көңіл – күймен тарады.