«Аналар асыл жандар»

06.03.2023
Түгіскен ауылдық кітапханасында 6 наурыз күні «Халықаралық әйелдер» күніне орай «Аналар асыл жандар» атты библио-кафе өткізілді. Библио – кафе барысында Түгіскен ауылының қыз-келіншектері ұлтымыздың киімін киіп, «ана» тақырыбында келелі кеңес құрып, қазақ келініне тән нәзік те қастерлі ұстанымдарды сақтай білуін саралауға арналған ситуациялық, салт-дәстүрімізге байланысты сұрақтарға жауап берді.Аналар асыл жандар кітап көрмесі даярланып библиографиялық шолу жүргізілді. Мақсаты: Халықаралық 8-наурыз әйелдер мерекесін оқырмандар арасында ақын-жазушыларымыздың анаға арнаған еңбектері арқылы насихаттау.