«Анасы бар адамдар қартаймайды»

11.03.2024
11 наурыз күні Түгіскен ауылдық кітапханасында 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне орай «Анасы бар адамдар қартаймайды» тақырыбында библио – кофе өткізілді.Іс-шараға қатысқан кітапхананың оқырмандары жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас аналарға ақыл-кеңесін айтып, ыстық лебіздерін білдірді. Оқырмандарымызға «Қазақстанның аналары» атты викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге ынталандыру сыйлықтары берілді. Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңін тұрақты оқырман Құрман Бекарыс жатқа айтты.