«Ардың шыңы – Ата заң»

29.08.2025
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 29 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конститутциясына 30 жыл толуына орай «Ардың шыңы – Ата заң» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс- шараға қатысқан 6-7 сынып оқушыларына еліміздің Ата заңы жөнінде түсінік беріліп, Конституцияның ұғымы, тараулары, қабылдануы және қазіргі қолданысы жайлы айтылды. Сонымен қатар оны бүгінгі өмірмен байланыстыра білудің маңызы насихатталды. Бауыржан атамыздың «Заңға бағынған құл болмас» деген ұстанымын мысалға ала отырып, заңға құрметпен қараған адамның болашағы жарқын болатыны түсіндірілді. Мақсаты: Балаларға Ата Заңымыз бен адам құқықтары туралы түсінік беру. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдау дағдыларын дамыту. Құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру.