«Арқаның сал серісі»

03.08.2021
Байдалы би үлгілі кітапханасы 3 тамыз күні жерлес айтыскер ақын, сазгер Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Дарын» сыйлығының лауреаты Әлтаев Аманжолдың 50 жасқа толуына орай «Арқаның сал серісі» атты танымдық сағат өткізді. Іс- шара барысында 7 сынып оқушысы Мағауия Гүлімай ақынның өлеңін оқыды. Көрме ұйымдастырылып көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге буклеттер, ақынның кітаптары қойылып оқушыларға ұсынылды. Мақсаты: Аманжол ағамыздың шығармашылық өшпес мұрасын келер жас ұрпаққа насихаттау, рухани тәрбие беру.