«Асыл ұлы халықтың, Сәкен аға төріндесіз тарихтың»
13.10.2022
2022 жылдың 13-қазан күні С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың оқу залында 25-қазан Республика күніне орай және қазақтың біртуар перзенті, ақиық ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 128 жыл толуына орай «Асыл ұлы халықтың, Сәкен аға төріндесіз тарихтың» әдеби-сазды кеш өткізілді. Шараға аудандық тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері, тарих мұғалімдері мен қазақ әдебиеті мұғалімдері, мектеп оқушылары қатысты. Өз мүддесінен ел мүддесін жоғары қойған сырлы да, сұлу Сәкеннің өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің 10-сынып оқушылары «Сәкен аманаты» атты шағын көрініс қойды. Кеш барысында аудандық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсия жүргізушісі Утеуова Зәуреш Жағыпарқызы жазушының жәдігерлерімен таныстырды.