«Ата-бабадан қалған – асыл мұра»

20.03.2025
С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 20 наурыз – «Ұлттық спорт» күніне орай «Ата-бабадан қалған – асыл мұра» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында балалар асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту сияқты ұлттық ойындар ойнады. Кітапханашы М. Искакова балаларға асықпен ойналатын «Хан талапай» және «Құмар» ойындарын таныстырып, олардың ережелерін түсіндірді. Ұлттық ойындар – балалардың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлттық ойындары туралы түсінік беріп, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларға деген құрметті арттыру.