«Ата Заң – елдігіміздің еңсесі»

29.08.2025

29 тамыз күні  Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға  Әкім аппаратының  мамандары мен Мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында Ата Заңымыздың тарихы мен маңызы туралы айтылып,  «Елдіктің асыл тірегі – Ата Заң»   атты кітап  көрмесіне кітапханашы Ботбаева Айгүл  библиографиялық шолу жасады. Көрмеге Қазақстан  Республикасының  Еңбек Кодексі, «Қазақтың Ата Заңдары», сондай-ақ  фотосуреттер мен буклеттер   топтастырылды. Мақсаты:  Конституцияның қоғамдағы маңызын дәріптеу, жастарға елдің негізгі заңы - тұрақтылық пен татулықтың кепілі екенін түсіндіру.