«Ата заң – мемлекеттің басты тұғыры»

24.08.2022
24 тамыз күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында «Адалдық алаңы» «Парасат жолы» бұрышы аясында 30 тамыз Конститутция күніне орай «Ата заң – мемлекеттің басты тұғыры» атты кітап көрмесі мен мәнерлеп оқу өткізілді. Шара барысында кітапханашы М. Искакова кітап көрмесімен таныстырып, «Ынтымақтың ұйытқысы – Ата заң» атты слайд көрсетіп, балалар өздерінің Ата заңға арналған тақпақтарын мәнерлеп оқып берді. Мақсаты:балаларға Ата заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу