«Ата заң – тұрақтылық кепілі»

30.08.2025

Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 30 тамыз Қазақстан Республикасының  Конституция күніне орай   «Ата заң – тұрақтылық кепілі»  атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары Серікова Айдана мен Құрманғали Райхан атсалысып өлең шумақтарын айтып, көрмемен танысты. Мақсаты:  Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқа да құқықтық құжаттармен таныстыру.