«Ата заңның – айбыны»

25.07.2025

25 шілде күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Ата Заңының 30 жылдығына орай «Ата заңның – айбыны» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шараға ауылымыздың жас студент-оқырманы Қазкен Ақзер қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы Слямбек Ақнұр келген оқырманға Қазақстан Республикасының Конституциясы жөнінде мағлұмат берді.Мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да құқықтық құжаттар жөнінде мағлұмат беру, оқырмандардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру, патриоттық сезімді ояту және ел бірлігін нығайту.