«Аударма әдебиетінің һас шебері»

27.01.2022

       Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 27 қаңтар күні қазақ ақыны Жұмағали Саинның туғанына 110 жыл толуына орай «Аударма әдебиетінің һас шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханаға келген оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, кітапханашы Н.Акшолакова шолу жасады. Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, білімдерін жетілдіру.