«Ауған ардагерлеріне тағзым»

16.02.2023

16 ақпан күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында  Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай «Ауған ардагерлеріне тағзым» атты патриоттық кеш ұйымдастырылды. Шарада кітап көрмесіне ұйымдастырылып, кітапханашы Г.Акатова библиографиялық шолу жасады. Кең көлемді кітап көрмеде, ауған соғысы жайлы баспасөз беттерінде жарияланған материалдар мен Б. Смағұлдың кітаптары қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Мақсаты: ауған соғысының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру.